Выйти
RU

Грузиялық әнші Ресейде өнер көрсетуден бас тартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Грузиялық әнші Нино Катамадзе Тбилисидегі парламент ғимараты алдында митингке шыққандарды қолдап, алдағы уақытта Ресейде мүлде өнер көрсетпейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Грузия Online сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Катамадзе 22 маусым күні "Усадьба Jazz" фестивалінде өнер көрсеткені үшін кешірім сұрайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, бұл Ресей жерінде өткен соңғы концерті болып табылады.

"10 күн бойы әділетсіздік пен зорлық зомбылыққа қарсы шыққан менің қымбатты тыңдармандарым мен үздік жандар. Бірінші кезекте сіздерге сөзімді арнаймын. Менің жүрегім, менің сөзім, менің дауысым сіздермен бірге. Кез келген жерде, тіпті Ресейде де, мен үнемі Ресейдің басқыншы ел екенін, Путиннің менің елімнің жауы екенін айтамын...
Ешқашан жүрегімде отанға деген сатқындық болған емес. Ешқашан орыс тілінде ән айтқан емеспін. Ешқашан ресей билігі қаржыландырған концертте өнер көрсетпегенмін. Бірде-бір рет ресей саясеткерлерінің туған күнінде болған емеспін...
Ресей - басқыншы ел, Путин - біздің ортақ жауымыз", - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін грузиялық үш клубтың футболшылары ел чемпионатының 19-шы турында Ресей саясатына қарсы екенін білдіретін жейде киіп шықты.

Еске сала кетсек, Тбилисиде жаппай наразылық акциясы 20 маусымда басталған болатын.

Бұған Грузия парламентінде православтардың халықаралық ассамблеясын ашқан ресейлік депутат-коммунист Сергея Гавриловтің сөйлеуі себеп болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Грузиялық әнші Ресейде өнер көрсетуден бас тартты