RU
"Ақтөбе" Волковтың үздік голының арқасында өз алаңындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Жаңалықтар Спорт

"Ақтөбе" Волковтың үздік голының арқасында өз алаңындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Рассказать Вконтакте

Футболдан Қазақстан чемпионатының 16 турында "Ақтөбе" өз алаңында павлодарлық "Ертісті" қабылдап, 2:1 есебімен ұтты. Ойындағы жеңіс голды батыстық команданың капитаны Виталий Волков соқты деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ойын 30 маусым күні "Қобыланды батыр" атындағы Ақтөбенің орталық стадионында өтті.

Есепті бірінші таймның 11 минутында қонақтар сапынан Мульдинов соқса, матчтың 68 минутында Какимов есепті теңестірді.

"Ақтөбе" клубының капитаны Виталий Волков 83 минутта айып добын мүлтіксіз орындап, чемпионаттағы үздік голдың бірін соқты.

Айта кетейік, "Ақтөбе" осы маусымда өз алаңындағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Батыстық ұжым турнирдің соңғы сатысында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel