RU
"Любовь не понимает слов" телехикаясының кейіпкерлері мен желісі

"Любовь не понимает слов" телехикаясының кейіпкерлері мен желісі

Рассказать Вконтакте

"Любовь не понимает слов" телехикаясы жаңа туындылардың бірі болмаса да, әлі күнге дейін көрермендердің аузында жүр. Көп бөлімнен тұратын комедия кино сүйер қауымның көңілінен бірінші бөлімдерінен-ақ шыға алды.

Фото: noluyo.tv

Фото: noluyo.tv

"Любовь не понимает слов" телехикаясының желісі

Хаят - тұрмысқа шығып, бала тууды ғана армандамайтын қыз. Ол өмірінде одан да үлкен жетістіктерге жетуді мақсат еткен ару. Сол себепті 18 жасқа тола салысымен құрбыларымен Стамбұлға көшіп, сол жерде бақытын іздей бастайды. Үлкен компанияға қызметкер керек екенін білген Хаят бірден жұмыс берушімен кездесуге аттанады. Жол жөнекей такси ұстап тұрып, келеңсіз жағдайда Мұратпен танысады. Жастар бір көргеннен бірін-бірі ұнатпай қалады. Алайда жұмыс орнына келіп жеткен ару бастығының Мұрат екенін түсінеді. Ал Мұрат аталған компанияның жалғыз мұрагері. Қызыққа толы комедияның соңы қандай болмақ екен?

"Любовь не понимает слов" телехикаясының басты кейіпкерлері

Ханде Эрчел

Ханде Эрчел 1993 жылы Түркияның Бандырма қаласында дүниеге келген. Актриса "Королек - птичка певчая", "Дочери Гюнеш" және тағы басқа телехикаялардан көрініс тапқан. Сонымен қатар ару танымал L'Oreal Paris косметикалық брендімен ұзақ мерзімде жұмыс істейді.

Бала күнінен Ханде сахнада өнер көрсеткенді ұнатып, мектептегі қойылымдарда басты рөлді сомдайтын.

Мектепті тәмамадағаннан кейін бойжеткен Мимар Синан атындағы бейнелеу өнері университетіне түскен. Актриса Түрік өнеріне тәнті болыпты.

Ханденің Гамзе есімді әпкесі бар. Ару да өз өмірін кино әлеміне арнады. Ханде 19 жасында сұлулық байқауына қатысты. Әзірбайжан елінде өткен байқауда ару екінші орынды иеленді.

Дәл осы конкурстан кейін актрисаның кино әлеміне бірте-бірте ене бастайды. Ару түрлі телехикаялардың байқауына шақырту алған. Актриса рөлге ілігу үшін бәріне дайын еді. Продюссерлердің талабын орындау үшін Ханде бес келі салмақ тастауға мәжбүр болды.

2013 жылы ару танымал "Королек - птичка певчая" телехикаясында кішігірім рөлді сомдады. Ал 2014 жылы актриса "Дерево жизни" жобасына қатысты.

2015 жылы "Дочери Гюнеш" хикаясында басты рөлдердің бірін сомдады. Аталған туынды бойжеткенге кең танымалдық әкелді.

Ханде Эрчел "Любовь не понимает слов" телехикаясында басты рөлді сомдайды. Романтикалық комедияда өзін басқа қырынан көрсеткен ханде көрермендердің жүрегін бірден жаулап алады. Желі бойынша Хаят кішігірім қаладан астанаға көшіп келіп, жаңа жұмысына бара жатқан жолда Мурат есімді жігітті кезіктіреді. Бір-бірін бір көргеннен ұнатпаған екі жастың арасында ыстық сезім пайда бола бастайды. ъ

Бурак Дениз

Бурак Дениз 1991 жылы Стамбұлда дүниеге келген. Актердің ата-анасы ол туылуға аз уақыт қалған кезде ажырасып кеткен. Сол себепті анасы мен ұлы Түркияның астанасынан Измирге көшуге мәжбүр болған. Бала күнінде актер анасының сөзін екі етпей, тәртіпті бала болды. Кішкентай кезінен актер болуды арман еткен. Жігіт мектепті тәмамдаған соң елордадағы жоғарғы оқу орынына түсті.

Жас жігіт жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін арманына ұмтылып, актерлік курстарға қатыса бастады. Алайда Буракты продюссерлер тіпті екінші кезектегі рөлдерге алмай жүрді.

"Дневник колледжа" атты телехикая актердің өміріндегі ең алғашқы туынды болды. Аталмыш хикая Түркияда кеңінен танылды. Сол себепті тіпті екінші кезектегі рөл Бурактың бағын ашып, түрік халқына оны әйгілі ете алды. Осы жобадан кейін актерді түрлі түсірілімдерге шақыра бастады.

Сондай-ақ "Сұлтан" телехикаясы актерге біраз табыс әкелгенімен, оны атақты ете алмады.

Кино әлемінде оны актер ретінде танытқан телехикаялардың бірі - "Беглец" болды. Дәл осы хикаядан кейін Буракқа Түркияның ең танымал режиссерлері ұсыныс тастай бастады.

2016 жылы актер "Любовь не понимает слов" жобасында басты рөлді сомдады. Желі бойынша ол Мұрат есімді дәулетті жігітті ойнады. Өзіне жұмысқа тұруға келе жатқан Хаят есімді бойжеткенмен қолайсыз жағдайға түскен жігіт аруды біраз сынақтың астына алады.

.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel