Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманымдағы әйел сенсің": Жас актер Ерке Есмаханға сезімін білдірді (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық актер Серік Шәріп осы уақытқа дейін қызбен жүріп көрмегенін айтты. Бұл туралы ол "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осы уақытқа дейін бірнеше отандық фильмде бой көрсетіп, танымалдылыққа ие болған жас актер жеке өмірі туралы сөз қозғады.

"Үйге келін әкелем бе, келін емес, анамның тағы да бір қызы болсын ба деген ойым бар. Бірге қуанып, көмектесіп деген сияқты. Қазір 28-демін. Достарым үйленген соң отбасылық проблемалары болады ғой. Содан қорқамын ба, білмеймін. Әлі қызды кездестірген жоқпын. Өмірімде қызбен жүріп көрген жоқпын ғой. Қыздардың қасынан өтсем, қолым дірілдейді", -деді Серік Шәріп.

Осылай әзілдеген ол шындығына келгенде аяққа тұрған соң отау құратынын жеткізді.

"Шынымен, бұйырса, үйленемін. Кішкене аяққа тұрайық. Үй салайық",- деді ол.

Осылайша, Серік Шәріп болашақ әйелін әзіл араластыра бейнелеп берді.

"Даусы деген Ерке Есмахандыкы сияқты болсын, көзі Еркенің көзіндей болса ғой, мұрны Еркенікі сияқты болса ғой. Ерке, мен қазір түсіндім. Менің арманымдағы әйел сен ғой деймін", -деп күлді танымал актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802448-armanymdagy-jel-sensi-zas-akter-erke-esmahanga-sezimin-bildirdi-video/

pixel