Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теңіздегі" тәртіпсіздіктер кезінде 40-тан аса адам зардап шеккен

Опубликовано:

Атырау облысындағы "Теңіз" вахталық ауылында 29 маусым күні жұмысшылар арасында болған жанжал салдарынан 40-тан аса адам зардап шекті. Бұл мәліметпен қызметкерлері тәртіпсіздік ұйымдастырған "Теңізшевройл" компаниясы бөлісті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Куәгерлерден
Фото: Куәгерлерден: Depositphotos

Компанияның баспасөз қызметі орын алған оқиға салдарынан "үшінші ұрпақ зауыты - болашақ кеңейту жобасы" құрылыс алаңында жұмыс уақытша тоқтатылғанын жеткізді.

Жақын арада мекеме өз жұмысын қайта бастайтыны хабарлануда. Компанияның өндірістік нысандары штаттық режимде қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда, Теңіздегі жағдай тұрақталды.

Айта кетейік, жұмысшылар арасындағы дүрбелең Ливан азаматы Эли Даудтың WhatsApp желісіне қазақ қызымен түскен суретін жариялағаннан кейін туындаған.

Жұмысшы азаматтар ол суретті жариялаған ер адамның әрекетіне наразылық білдіріп, шу шығарды.

Кейінірек оқиға салдарынан 30 адам жарақат алды деген ақпарат шықты. Ал суретті түсірген азамат барша қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Аталмыш оқиғаға қатысы қылмыстық тескеріс басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802449-teizdegi-trtipsizdikter-kezinde-40-tan-asa-adam-zardap-sekken/

pixel