Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік компания басшысы Теңіздегі жағдай үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) шетелдік компаниясының басшысы Кауаш Химаштың қазақстандықтардан Теңіздегі жағдай үшін кешірім сұраған видеосы тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бейнежазба Instagram-дағы zello_atyrau тобында жарияланды.

Кауаш Хишам өзінің видеожолдауында "Теңіз" кен орнында болып жатқан оқиға туралы білген соң жағдайды реттеу үшін бірден Атырау облысына жол тартқанын айтты.

"Мен Али Даудың іс-әрекеті үшін кешірім сұраймын. ССС басшылығы мен қызметкерлерінің атынан болған жағдайдың ССС саясаты мен қағидаларына сай дүние емес екенін атап өтсем деймін", - деп хабарлады ол.

Шетелдік компанияның басшысы болған оқиғадан кейін Даудың жұмыстан қуылғанын атап өтті.

"Жүрегіме қолымды қойып, ССС компаниясының қазақ бауырларына құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған жағдай үшін тағы кешірім сұрағым келеді", - дейді Хишам.

Ол бүгінгі таңда Теңіздегі жағдайдың бірқалыпты екенін қоса кетті.

Естеріңізге сала кетсек, 29 маусым күні Атырау обылысы Теңіз кен орнында жұмыскерлер арасында болған жанжал кезінде 40 адам түрлі жарақат алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802466-seteldik-kompania-bassysy-teizdegi-zagdaj-sin-kazakstan-halkynan-kesirim-srady-video/

pixel