Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытжан Сағынтаев тапсырма беруді Кулагиннен бастады

Опубликовано:

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алғашқы тапсырмасын Түрксіб ауданы басшысы Павел Кулагинге берді. Ол туралы оңтүстік астананың әкімі Twitter желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев және Павел Кулагин. Фото:primeminister.kz, Павел Кулагин/Facebook
Бақытжан Сағынтаев және Павел Кулагин. Фото:primeminister.kz, Павел Кулагин/Facebook: Depositphotos

Тағы оқыңыздар:

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады (видео)

Сағынтаев полицияға көпірде болған жол апатын анықтауды тапсырды

Жаңа әкім аудандарды аралауды бастағанын атап өтті.

Ол ең бірінші болып Түрксіб ауданына барғанын, мұнда бірнеше мәселелер бар екенін жеткізді.

"ТҮКШ, аулалар мен балалар алаңдарын абаттандыруда проблемалар бар. Тұрғындар жол сапасына, қоғамдық қауіпсіздікке алаңдаулы", - деді Сағынтаев.

Қала әкімі Павел Кулагинге барлық шағымдарды сараптап, нақты іс-қимыл жоспарын ұсынуды тапсырғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802486-bakytzan-sagyntaev-tapsyrma-berudi-kulaginnen-bastady/

pixel