Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жас актриса ашық көйлегімен Бурак Өзчевитпен бірге көзге түсті

Опубликовано:

Танымал актер Бурак Өзчевит 30 маусым күні Нұр-Сұлтандағы Орталық концерт залында өткен XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің қонағы болды. Қызыл кілемде отандық кино әлемінің жұлдыздары да жарқырады. Олардың ішінде жас актриса Дина Тасболатова да көрінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Кинопарк" желісінің баспасөз қызметі
Фото: "Кинопарк" желісінің баспасөз қызметі: UGC

Танымал актрсиа Дина Тасболатова Instagram парақшасында кинофестивальдің кадрларымен бөлісті.

Актриса кинофестивальдің құрметті қонағы болған танымал телехикаялардың жұлдызы Бурак Өзчевиттің жанынан көрінді.

Сондай-ақ, қызыл кілемде Әсел Сағатова, Әлия Телебарисова, Динара Бақтыбаева, Қарлыгаш Мұхамеджанова, Айым Сейтметова және тағы басқа секілді отандық шоу-бизнес жұлдыздары жүріп өтті.

Айта кетейік, Дина Тасболатова тек қазақстандық жобаларға ғана емес, ресейлік кинемотографияға да қатысады.

"Алтын орда" телехикаясында актриса басты рөлдердің бірін сомдап, "Алжир" хикаясының түсіріліміне қатысты.

Қазіргі таңда актриса Токио қаласында өтетін жобаға дайындық үстінде.

Естеріңізге сала кетсек, түрік актері Бурак Өзчевит Қазақстанға келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802509-otandyk-zas-aktrisa-asyk-kjlegimen-burak-zcevitpen-birge-kzge-tsti/

pixel