RU
Алматы және Жамбыл облыстарының шекарасы өзгерді
Жаңалықтар Қоғам

Алматы және Жамбыл облыстарының шекарасы өзгерді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Алматы облысынының шекарасын өзгерту жөніндегі қаулыға қол қойды. Енді өңірге тиесілі болған жалпы аумағы 1 091,78 гектар жер Жамбыл облысына беріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

мамин

Асқар Мамин. Фото: inbusiness.kz

"Алматы облысындағы жалпы аумағы 1 091,78 гектар болатын жерді Жамбыл облысының Қордай ауданына қосу арқылы шекараны өзгерту керек", - деп жазылған электронды үкімет сайтында жарияланған ақпаратта.

Осылайша, ҚР қорғаныс министрлігінің аудандық гвардиялық эксплуатациялық бөлімі, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты және бұрынғы "Алматы" әскери совхозы сынды нысандары Жамбыл облысына беріледі.

Шекараны жоспарлау кезінде "Алматы" совхозының тұрғындары мемлекеттік қызметті Ұзынағаш ауылына барып алғаны айтылды. Ол совхоздан 150 шақырым жерде орналасқан.

Жер Жамбыл облысына берілген соң халыққа қызмет көрсету орталықтары әлдеқайда жақындай түспек. Енді қажетті құжатты алу үшін тұрғындар 80 шақырым жердегі Қордай ауданының орталығына барады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel