Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қаңғыбас итке таланған алты жасар қыз ауру жұқтырды

Опубликовано:

Тоғыс шағын ауданының алты жасар тұрғыны далада қаңғыған итке таланған. Жануар қызды қауып тастады. Кейінірек иттен құтырыну диагнозы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: tambov.ru
Фото: tambov.ru: UGC

Баланың әкесі зардап шеккен қызын бірден медициналық мекемеге жеткізді. Жануарды аулауға мал дәрігері мен жергілікті тұрғындар да аттанды.

Келесі күні аулалардың бірінде сипаттамаға сәйкес келетін иттің жансыз денесі табылды.

Ит сараптамаға жіберілді. Қызға алдын алу мақсатында сіреспеден қорғайтын вакцина курсын сала бастады. 12 маусымда сараптама нәтижелері белгілі болды, жануардан құтырыну диагнозы дәлелденді.

"Қазіргі таңда Тоғыс шағын ауданында карантин жарияланды. 25 қаңғыбас ит ауланды. Баламен жақын болған тұлғалар анықталды. Олар, сондай-ақ отбасы мүшелері мен қыздың туыстары дәрігерлердің бақылауында болады.
Қыз ем алып жүр. Қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тоғыс ықшам ауданында 60 күн карантин болады. Мұнда кіру шектеледі.
"Кіру және шығу жолдарында өткізу пункттері орнатылады. Үй жануарлары мен малдар вакцинация алады", - деп хабарлады Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802530-symkentte-kagybas-itke-talangan-alty-zasar-kyz-auru-zktyrdy/

pixel