RU
"Үрейге бой алдырмаңыз": Қорғаныс министрлігі Арыс тұрғындарына үндеу жасады

"Үрейге бой алдырмаңыз": Қорғаныс министрлігі Арыс тұрғындарына үндеу жасады

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрлігі Арыс тұрғындарын қатты дауыстан алаңдамауға шақырды. Себебі жарылмаған оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстары басталған деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Иллюстрациялық фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Министрліктің мәліметінше, снарядтарды жою жұмыстары жұмыс күндері сағат 9:00 мен 18:00 аралығында жүргізіледі. Бұнымен инженерлік әскерлердің бөлімшесі айналыспақ.

Сондай-ақ, ведомство белгілі бір себеппен тасымалдауға келмейтін оқ-дәрі қалдықтары арсенал территориясында жойылатынын атап өтті.

Ал қалған қалдықтарды қаладан солтүстікке қарай 60 шақырым жерге шығарып, "ҚазАрсенал" арнайы полигонында жою көзделген.

"Құрметті Арыс тұрғындары! Жою жұмыстары кезінде жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төндірмейтін қатты дыбыстар естіледі. Қорғаныс ведомствосы үрейге бой алдырмауларыңызды сұрайды. Жою жұмыстарын жүргізу кезінде барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынған", - деп атап өтті министрлік.
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel