Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы әскерилердің шетінен жұмыстан кетіп жатқаны рас па?

Опубликовано:

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Арыстағы әскери қызметкерлердің жұмыстан өз еріктерімен кезекпен кетіп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қорғаныс министрлігі Арыстағы әскерилердің жұмыстан кетіп жатқанына қатысты пікір білдірді

Арыстағы жарылыстан соң қалада 9753 оқ-дәрі бөлшегі табылған. Бұл туралы Арыс қаласында өткен брифинг кезінде "Оңтүстік" өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасары Ермиян Биятов мәлімдеді.

"Арсеналда жарылыс қаупі жоқ. Әскери қызметшілер Арыс қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылған барлық міндеттерді орындайды", - деп сендірді ол.

Брифинг кезінде тілшілердің қала шетіндегі дала аймағында төрт снарядтың жатқанын көргенін және оның қаншалықты қауіпсіз деген сұрағына Ермиян Биятов былай деп жауап берді:

"Оның оқ-дәрінің қай түріне жататынын білмеймін. Қазіргі таңда саперлер жұмысы жалғасып жатыр. Қысқа уақытта снаряд фрагменттері толығымен жиналып алынады. Осы ретте тұрғындардан қандай да бір заттар табылған жағдайда бізге хабарлауын сұраймыз", - деген ол жарылған снарядтардың әлі қаншауы жинап алынбағаны туралы нақты мәлімет білмейтінін айтты.

Жарылыстан соң Арыстағы әскери бөлімше қызметкерлерінің бірінен соң бірі жұмыстан өз еріктерімен кетіп жатыр деген мәліметті министрлік өкілі теріске шығарды.

"Ондай ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешкім қызметінен кеткен жоқ, бәрі орнында. Ондай бірде-бір жайт орын алған жоқ", - деді "Оңтүстік" өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасары Ермиян Биятов.

Сонымен қатар ол Арыстағы әскери бөлімше ешқайда көшпейтінін, себеб онда көптеген жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып отырғанын атап өтті.

Айтуынша, ондағы оқ-дәрі қоймасы көшіріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802573-arystagy-skerilerdi-setinen-zmystan-ketip-zatkany-ras-pa/

pixel