RU
Жетісайда үш бірдей өгей қызын сұмдық жағдайда қорлап келген әйел сотталып тынды

Жетісайда үш бірдей өгей қызын сұмдық жағдайда қорлап келген әйел сотталып тынды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында өгей қыздарын бірнеше уақыт бойы азаптап келген қатыгез келіншекке қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

өгей шеше

Скриншот: КТК арнасы

Жетісай ауданының тұрғыны күйеуінің бірінші некесінен туған үш жасөспірім қызды екі жылға жуық азаптап келгені үшін жазаға кесілді.

Сот үкімімен ол төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

28 жастағы келіншек сот үкімі шыққанға дейін үй қамақта отырған. Себебі аяғы ауыр болған еді.

Екінші нәрестесін дүниеге әкелгеніне бірнеше күн өткен ол енді алдағы төрт жарым жылын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде, яғни, темір тордың арғы жағында өткізбек.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың сәуір айында Жетісай ауданында тұратын бір үйдің үш қызының өгей шешелерінен жылдар бойы аса қатыгездікпен азап көріп келгені туралы белгілі болды.

Келіншек күйеуінің бірінші некесінен қалған үш қызды тырнақ астына ине тығып, тіпті мұздатқышқа отырғызып қинап келген.

Бұл сұмдық жайт оқушы қыздардың бірі мұғаліміне айтқан соң әшкере болды.

Ең сорақысы, келіншек өгей қыздарын жазалау мен қинау әрекеттерін жоспар дәптеріне жазып та келген.

Айта кетейік, екінші сәбиін босанған келіншектің бұған дейін бір ұлы болған еді. Ол әпкелерімен бірге әкесінің қамқорлығына берілді.

Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаевтың айтуынша, жаңа туған сәбидің тағдырын жергілікті білім бөліміндегілер шешеді.  

Сіздің реакцияңыз
2
2
7
2
0
14
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel