RU

Президент өнер университетінің ректоры Мұсақожаеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваны қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

айман
Фото: Ақорда: Twitter

Мемлекет басшысына қазақстандық музыка өнерінің жағдайы, қазіргі кәсіби музыкалық білім беру саласындағы негізгі үдерістер және шығармашылық оқу ордаларын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берілді.

Қазақстан президенті кадрлардың әлеуетін жетілдіру, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартып, заман талабына сай жабдықтау қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және сала министрлігіне бірқатар тапсырма берді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1802587-prezident-ner-universitetini-rektory-msakozaevany-kabyldady.html