Выйти
RU

Жасына сай киінбей жүрген танымал әнші желіде қызу талқыға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

51 жастағы Селин Дион музыка саласын қойып, енді сән саласын бағындыруға кіріскен сыңайлы. Танымал әнші соңғы кездері көпшілікті түрлі жаңа образдарымен таңғалдырып жүр. Оның әрбір ел алдына шығуы қызу талқымен аяқталуда. Қызығы, әлемдік жұлдыздың стилі күйеуі қайтыс болмай тұрғанда мүлде басқаша болған деп жазады ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін барынша классика мен жабық киімдерді таңдайтын әнші енді барған сайын ашық әрі заманауи ерекше образдарға көшті. Өзгеріп шыға келген Селин Дионды жұртшылық кейде танымай қалып та жатады.

Жыртық джинсы мен қысқа футболка атаулысы бұл әртіске мүлде жат болатын. Алайда, биыл ол барынша соңғы трендтерден қалыспай, өз гардеробын жаңартуда.

51 жастағы Селиннің әрбір образы ел арасында қызу талқыланып әрі сыналып та жатады. Көпшілік оны жасына сай киінбей бастағанын бетіне басуда. Олардың пікірінше, әншіге мұндай ашық стиль жараспайды.

Айта кетерлігі, Селин Дион күйеуі қайтыс болғаннан кейін осындай образдарға көше бастаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жасына сай киінбей жүрген танымал әнші желіде қызу талқыға түсті