Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы апат: 26 жастағы жүкті әйел бес баласын жалғыз өзі аман алып шыққан

Опубликовано:

Арыстағы жарылыс кезінде бес баласын бірдей қаладан аман алып шыққан аяғы ауыр келіншектің ата-енесі немерелерінің өмірі үшін жанталасқан ержүрек келініне алғысын жаудырды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

арыссс
Қалдыбек Жарылқапұлы, Дина Мырзахметова. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Арыстың 26 жастағы тұрғыны Әйгерім Сембек жарылыс оқиғасы орын алған күні бес қызымен бірге жалғыз өзі қауіпсіз аймаққа қашып, аман қалған.    

«Біз шаруалармен Алматы қаласына кеткен болатынбыз. Үйде келін немерелермен қалған. Мұндай жағдай болады деп кім ойлапты.

Сол күні келініміз: «Мама, папа, жарылыс болып жатыр» деп хабарласты. Көмек беретін ешкім жоқ. Жолдасы да Алматыда болған, сонда нәпақа тауып отбасын асырап жүр ғой.

Содан келініме дереу: «Жұрт қайда қашса, сонда бара бер, лажы болса қырға қарай барыңдар дедік», - деп сол күнді еске түсірді жас келіннің қайын атасы Қалдыбек Жарылқапұлы.
арыссс
Қалдыбек Жарылқапұлы. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Оның әңгімесін жалғаған жұбайы Дина Мырзахметова келінінің бұл әрекетін нағыз ерлікке балайтынын айтты.

«Келінім бір жастағы егіз қыздарын екі қолына алып, жанына тағы үшеуін ертіп қаша берген.

Сонда деймін де, бес қызымен қалған, оның үстіне аяғы ауыр (автор: алты айлық) келіншекке ешкім көмекке келмепті. Елмен бірге қашып бара жатқанда тіпті екінші немеремді көлік те қағып кеткен ғой. Қазір емделіп жатыр.

Келінімнің айтуы бойынша, снарядтар жарылған сайын бір жастағы егіз немерелерім қорыққанынан жерге отырып қала беріпті.

Кішкене өзіне келген соң тағы қаша жөнелген олар. Келінім немерелерімді алып 12 шақырымдай жерді жаяу жүрген.

Қырдың төбесіне шығамын дегенше бес сағат уақыт өтіпті. Ол уақытта ұлым Алматыдан ұшып келіп, Арысқа жетіп қалды.

Мен бұл жерде ешкімнен ешнәрсе талап етіп отырғаным жоқ. Бар болғаны келініме алғысымды айтсам деймін. Алла разы болсын, нағыз батыр ана деген атқа лайық», - деді Әйгерім Сембектің енесі.
арыссс
Дина Мырзахметова. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жас келіннің өзі бұл оқиғадан соң бес қызының қатты қорқып қалғанын алға тартты.

Тіпті жарылыстан кейін перзенттері бірінен соң бірі сырқаттанып жатыр екен.

Ал ес біліп қалған 8 жастағы үлкен қызы Арысқа қайтып барғысы келмейтінін айтқан. 

Айта кетейік, жойқын жарылыс кезінде бұл отбасының сарайына жарылғыш снаряды түскен.

Үйінің есік-терезесі сынып, төбесі бүтін болғанымен ортаңғы тұсы опырылып қалуға сәл-ақ тұр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802601-arystagy-apat-26-zastagy-aagy-auyr-jel-bes-balasyn-zalgyz-zi-aman-alyp-sykkan/

pixel