Выйти
RU

Алматы облысының тұрғыны туған ұлын аяусыз соққыға жықты деп күдіктелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының полиция қызметкерлері аяусыз соққыға жығылған сегіз жасар ұл баланың оқиғасына қатысты қылмыстық істі тергеумен айналысып жатыр. Іс бойынша күдікті ретінде жасөспірімнің туған әкесі өтуде деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: GettyImages

Көрнекі сурет: GettyImages

30 маусым күні Есік ауруханасына сансыз жарақат алған сегіз жасар бала келіп түсті. Ол жерде жасөспірім оны әкесі соғып тастағанын айтты.

Дәрігерлер бірден құқыққорғау органдарына хабарлап, ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Тәртіп сақшылары баланың үйінен қашып шыққанын анықтады. Белгілі болғандай, жас жеткіншек Алматыда тұратын анасына бармақ болған.

Полицейлер ұл баланың ата-анасын іздеп тапты. Әкесінен жауап алынып, қазіргі таңда оған ешқайда кетпеу туралы тілхат шарасы тағайындалды. Іс жіті бақылауға алынды..

Баланың анасы ауруханада оған барынша қолдау көрсетуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысының тұрғыны туған ұлын аяусыз соққыға жықты деп күдіктелуде