Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіздегі дүрбелең: Министрлік зардап шеккендер жайлы жаңа ақпарат берді

Опубликовано:

Энергетика министрінің орынбасары Махамбет Досмұхамбетов Теңіздегі тәртіпсіздік кезінде 45 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Зардап шеккендердің төртеуі - қазақстандықтар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: куәгерден келді
Фото: куәгерден келді: Depositphotos
"Бүгін ТШО-ның расталған мәліметтері бойынша, медпунктке барлығы 45 адам жүгінді. Олардың басым бөлігі ССЕР компаниясының қызметкерлері, бірақ компанияның басқа да қызметкерлері бар.

Онда тек бір ұлт қана емес, төрт қазақстандық бар.

Мұның қалай болғанын айта алмаймын. 45 адамның 22-іне медициналық көмек қажет болды. Олар Атырауға жеткізілді", - деді Досмұхамбетов.

Алайда Досмұхамбетовтың сөзінше, ешкім айтарлықтай жарақарт алмаған. Зардап шеккендердің жағдайы жақсы.

Мамандар қажетті медициналық көмек көрсетіліп, оларды үйлеріне жіберген.

Ешбір адам ауруханаға жатқызылған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 29 маусым күні Теңіз кен орнында жұмыскерлер қазақстандық қыздың суретіне шамданып, көтеріліске шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802632-teizdegi-drbele-ministrlik-zardap-sekkender-zajly-zaa-akparat-berdi/

pixel