Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 60 градус ыстық болғаны рас па?

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Қызылордада ауа температурасы 60 градусқа жетіп, тұрғынның бауырсақты отсыз пісіргендігі туралы бейнеролик тарады. Осыған байланысты "Қазгидромет" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Сыр бойы басылымы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Мамандар желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын, аймақта 60 градус ыстық тіркелмегендігін атап өтті.

"Қызылорда облысы бойынша филиалы, 2019 жылдың 24-25 маусым күндері облыстың басым бөлігінде +43 +44 0С ыстық ауа райы күтілетіндігі туралы дабылды ескерту берді. 25-27 маусым күндері Иран аймағынан жылжыған жылы ауаның әсерінен облыстың басым бөлігінде +43+440С қатты ыстық байқалды, бірақ 600С ыстық тіркелмеді", - делінген хабарламада. 

Қазақпараттың хабарлауынша, маусым айының соңғы екі күні мен шілде айының басында Қызылорда облысының басым бөлігінде ауа температурасы 44-47 градусқа дейін жеткен. Бұл өңірде соңғы 5-10 жылда тіркелген ең ыстық ауа райы екен.

Ауа температурасы тек Арал ауданында ғана 39 градустан аспаған.

"Қазгидромет" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жүкелова табиғаттың мұндай құбылысы бұдан бұрын Қармақшы ауданында байқалғанын жеткізді.

Оның сөзінше, 2017 жылы Қармақшы ауданында ауа температурасы 46,7 градусты көрсеткен.

"Одан кейінгі ыстық ауа райы кеше, 1 шілдеде Қызылордада 46,6 градусқа жетті. Бұл ыстық біздің өңірге Иран аумағынан жеткен жылы ауа массасының әсерінен болып отыр. Соған байланысты соңғы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы байқалды. Сынап бағанасы көтерілді", - деді ведомствоның бөлім басшысы.

Еске сала кетсек, желіде Қызылорда тұрғынының бауырсақты қазанда отынсыз-ақ, күннің сәулесімен пісіріп жатқан сәтінен видео пайда болған. Кадрда әйел адам аймақта 60 градус ыстық болып тұрғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802687-kyzylordada-60-gradus-ystyk-bolgany-ras-pa/

pixel