Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда 72 жастағы әже оқуға түсу үшін құжат тапсырды

Опубликовано:

Өзбекстанның 72 жастағы тұрғыны Ферғана мемлекеттік университетіне түсу үшін құжат тапсырды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: gopro.uz
Көрнекі фото: gopro.uz: Facebook

Өзбекстанның мемлекеттік сынақ орталығының басқарма басшысы Барно Раджабовтың айтуынша, жаңа ережеде абитуриенттердің жасына шектеу қойылмағандықтан, егде жастағы әйел адамның құжаттары қабылданды.

Ол Өзбекстанда жоғары оқуға түсу үшін денсаулығы туралы анықтама да қажет емес екендігін алға тартты.

Раджабов қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына 70 мыңнан астам құжат тапсырылғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1802698-zbekstanda-72-zastagy-ze-okuga-tsu-sin-kzat-tapsyrdy/

pixel