Выйти
RU

Мамандар селфидің адам өміріне қауіпті екенін айтып, дабыл қақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемде қауіпті селфи жасап қайтыс болатындардың саны жылдан-жылға артуда. Осыған сәйкес кейбір мемлекеттер суретке түсудің қауіпсіздік ережелерін ойлап шығарды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: antiviral.gawker.com

Көрнекі фото: antiviral.gawker.com

Франциялық Le Figaro басылымының мәліметіне сәйкес, селфи бойынша кісі өлімі көбейгендіктен, кейбір елдер ереже енгізуді қолға алған.

Басылым Үндістанда "селфи түсіретін жерлер" арнайы көрсетілгенін, Ресейде полиция қызметкерлері "Селфи түсіру қауіпсіздігінің ережесін" дайындап, көпшілікке тарата бастағанын атап өтті.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, 2019 жылы АҚШ-та селфи түсіруден 41 адам қаза тапқан.

Олардың көбісі Үлкен каньонда суретке түсу кезінде қайтыс болғаны айтылды.

Басылым Бразилия, Германия, Вьетнам тұрғындары көлікті немесе мотоциклде селфи түсіру кезінде апатқа ұшырағанын анықтаған.

Сонымен қатар биік ғимараттар мен тауда да селфи түсіру жиілеген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мамандар селфидің адам өміріне қауіпті екенін айтып, дабыл қақты