RU
Өзіне ұнаған жанмен танысқысы келген жігіт оның көлігінің алдына жатып алды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өзіне ұнаған жанмен танысқысы келген жігіт оның көлігінің алдына жатып алды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өзіне ұнаған тұрғынмен танысқысы келген жігітті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Әйел адам өзінің мазасын алған жігітті бірнеше көше бойы Chevrolet Cruzедің алдынан түсірмей, жүріп өткен деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Қызықты жағдай 2 шілде күні таңертең болған.

Басылымның мәліметінше, әйел адам өзінің мазасын алған ер азаматты Ленсовет көшесіндегі "Звездная" метро аялдамасынан Орджоникидзе көшесіне дейін көлігінің капотына салып, алып барған.

Видео кадрынан қара шашты жанның Chevrolet Cruzе-ді жүргізіп келе жатып, темекі шеккенін, ал жасыл жейдегі жігіттің капоттан қаттырақ ұстап алғанын байқауға болады.

Әйел адамның сөзінше, белгісіз жігіт өзімен қоймайда-қоймай танысқысы келген екен. Сол үшін оған осындай әдіспен сазайын бермек болыпты.

"Мен оны өлтіруге тырысқаным жоқ. Көлікті ақырын жүргіздім", - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Шамамен бір жарым шақырым жүргеннен соң, әйел адам автобус аялдамасына тоқтады. Белгісіз ер азамат көліктің капотынан түскен соң, жүргізушімен сөйлесу үшін есікке қарай ұмтылды. Алайда әйел адам тезірек жүріп кетті.

Сіздің реакцияңыз
12
4
1
0
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel