Выйти
RU

"45 градус ыстық": Шілде айында елімізде ауа райы қандай болады?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК өкілдері жаздың екінші айына арналған консультативтік болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Мамандардың болжамынша, шілде айында синоптикалық жағдай жиі өзгереді. Батыс антициклондардың енуі оңтүстік циклондардың шығуымен ауыстырылады.

Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысатынын, онымен бірге дауылды жел соғып, кейбір жерлерде қатты жаңбыр болмақ.

Сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз +17+26ºС-қа дейін төмендеуі ықтимал.

Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы +25+33ºС-қа дейін төмендеумен қатар нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Ал шілде айының бірінші онкүндігінің соңына қарай ауа температурасы жоғарылай бастайды.

"Екінші және үшінші онкүндіктерде сынап бағаналары солтүстік, орталық пен шығыста түнде +10+15ºС-тан +15+20ºС-қа дейін, күндіз +25+30ºС-тан +30+38-қа дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында түнде +15+20ºС-тан +20+30ºС-қа дейін, күндіз +30+38ºС-тан +35+45ºС-қа дейін жетеді", - дейді "Қазгидромет" РМК өкілдері .

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"45 градус ыстық": Шілде айында елімізде ауа райы қандай болады?