RU
Арыстағы құмды дауыл жөндеу жұмыстарына кедергі болып отыр

Арыстағы құмды дауыл жөндеу жұмыстарына кедергі болып отыр

Рассказать Вконтакте

Арыста жарылыстан зардап шеккен үйлерді жөндеу жұмыстары басталды. Алайда бүлінген үйлердің көптігінен кейбірінің шатыры ұшып, маңайға қауіп туғыза бастаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Арыстағы құмды дауыл тұрғындардың тіршілігіне тыным таптырмады. Құрылысшылар құмды дауылға қарамастан жұмысын тоқтаусыз атқарып жатуы қиын.

Қаладағы кейбір үйлердің шатыры желмен ұшып кеткелі тұр. Сарапшылардың бағалауынша, Арыстағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың шамамен 85 пайызы әр түрлі деңгейде бүлінген.

Арыстың қайғысын бөлісіп, жағдайды оңалтуға барша халық жұмылғанымен, өз еркімен келген құрылысшылардың тобы некен-саяқ.

Солардың бірі - жамбылдық Еркін Көрпебаев.

"Біз Қордай ауданы әкімшілігінен келдік. Думан көшесінің сол жақ бетінің 16 үйін  алдық. Соның қазір бесеуін жөндеп  жатырмыз. Үшеуі демонтажға кетті, екеуінің шатырын қайта жабу керек", - дейді прораб Еркін Көрпебаев.

16 жыл бойы әскери бөлімнің еден жуушысы болып жұмыс істеп келе жатқан Гүлсім апаның пәтері жарылыстан кейін тұруға жарамсыз болып қалды. Ол соңғы он жылда әскери бөлімде жүріп 4 бірдей апатқа куә болыпты.

"Тура тұсымызда түсіп жатты, жарылып, Сол кезде  жерге жатып алдық. Жанымызда бәрі өртеніп жатты. Сол біз өртеніп жатқан шөптен аттадық. Арғы жағы күл болып жатыр екен", - дейді Арыс қаласының тұрғыны Гүлсім Тұрсынбекова.

Соңғы мәліметке сай, бүгінге дейін Арыстағы жөндеуге жататын 6 мыңнан астам үйдің 80-і жөнделіп бітті.

Төтенше жағдайлар комитетінің есебінше, ондағы жалпы үйлерді қалпына келтіруге шамамен 20 миллиард теңге қажет.

"Алдын ала мәлімет бойынша бұзылған үйлерді түгел қайта қалпына келтіру үшін 20 миллиардтай теңге қажет. Бұл сомма әлі де өзгеруі мүмкін. Нақты қанша қаражат қажет екені шілденің 15-інде айтылады", - дейді Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel