Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шпекбаев: Вице-министр Суханбердиева процессуалдық келісімге келді

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі орынбасары Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев шенеунік процессуалдық келісімге келгенін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі/kyzmet.gov.kz. Коллаж KAZ.NUR.KZ
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі/kyzmet.gov.kz. Коллаж KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Біз істі жедел түрде сотқа жібердік", - деді Шпекбаев.

Сондай-ақ, ол жақын уақытта тесттілеу орталығының директорының ісі бойынша тергеуді аяқтауды жоспарлап отырғандарын айтты.

"Қазір заңнама басқаша. Егер ол кінәсін мойындаса, тиісінше іс тезірек сотқа жіберіледі. Мен 10 күннің ішінде сот істі қарайды деп ойлаймын", - деді төраға.

Еске сала кетсек, 5 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министрін тергеп жатқаны белгілі болған еді.

Кейінірек Эльмира Суханбердиеваның екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Айта кетейік, 47 жастағы шенеунік БҒМ орынбасары болып 2016 жылдың сәуірінде тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802786-spekbaev-vice-ministr-suhanberdieva-processualdyk-kelisimge-keldi/

pixel