Выйти
RU

Балдақпен жүрген "Канело" жанкүйерлерін алаңдатып қойды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы мексикалық әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес қыркүйек айындағы Геннадий Головкинмен болуы ықтимал кездесуі алдында балдақпен жүргені көпшілікті алаңдатты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін The Ring және FOX Sports журналисті Майк Коппингер промоутер Боб Арум жарақат алған тізесіне байланысты "Канелоның" өзін жайсыз сезінетіндігі туралы ақпаратпен бөліскен.

Ол Альварестің келесі жекпе-жегінің Мексиканың тәуелсіздік күніне орай өту-өтпеуі белгісіз болып тұрғанын жеткізді.

Барлығы боксшының жарақаттан қалпына келу мерзіміне байланысты болмақ.

Бірақ Арзум жекпе-жек уақытының басқа күнге ауысуы мүмкін екендігін айтты.

Айта кетейік, Альварестің күздегі мүмкін болатын қарсыласы қазақстандық бұрынғы әлем чемпионы Генадий Головкин болып табылады.

Алайда жақында "Канелоның" өзі Сергей Ковалевпен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Балдақпен жүрген "Канело" жанкүйерлерін алаңдатып қойды (фото)