RU
БАӘ-де әмірлік билеушісінің ұлы қайтыс болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

БАӘ-де әмірлік билеушісінің ұлы қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

БАӘ-дегі Шардж әмірлігінің билеушісі ұлы шейх Халид бин Сұлтан әл Касими қайтыс болды. Ол 39 жаста болған деп хабарлайды The Sun-ға сілетеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым атап өткендей, Әмірліктің жоғарғы лауазымды тұлғасының ұлының жансыз денесі Лондондағы үйінде табылған. Ол жуынатын бөлмедегі жерде жатқан.

Дененің жанынан инелер табылған, қолы галстукпен байланған. Өлімнің себебі әзірге айтылмады.

Болған жағдайға байланысты Шарджада үш күндік аза тұту күні жарияланды.

Басылымның мәліметінше, аль Касими дизайнер болған. Ол 2008 жылы Qasimi брендімен өнімдер шығара бастаған.

Әмір ІІІ Сұлтан бин Мұхаммед әл Касимидің үлкен ұлы 1999 жылы 24 жасында қайтыс болды. Өлімнің себебі ретінде есірткіні мөлшерден тыс пайдалануы айтылған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel