RU
Жұлдыздар ақшасын қайда шашқанды ұнатады?

Жұлдыздар ақшасын қайда шашқанды ұнатады?

Рассказать Вконтакте

Танымал отандық шоу-бизнес өкілдерінің табысын қайда жұмсайтыны белгілі болды. Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сұқбат берген жұлдыздардың басым бөлігі тапқан табысын балалары мен шығармашылығына жұмсайтын болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Өнер иелері тапқан табысына балалары мен жақындарына сыйлықтар алудан аянып қалмайтынын жеткізді.

Мәселен Бүркіт балаларына ойыншық, тәттілер сатып алып, еркелететінін алға тартты.

"Балаларым не сұраса, соны алып беремін. Ойыншық, кәмпиттер сұрайды, соңғы кездері киім сұрайтын болыпты", - дейді әнші.

Елордада екі жылдан астам уақыт тұрып, 200 мыңға пәтер жалдаған Роза Әлқожа Нұ-Сұлтаннан баспаналы бола алмағанын айтады. Әнші қаржысын жеке концерттеріне жұмсаған.

"Үлкен концерттеріме көп қаржы жұмсадым. Астанадан екі жылда үй алған жоқпын. Алуыма болатын еді, бірақ Астанада үлкен концерт бердік. Ол аз дегенде 13 миллион болды. Ал Алматыда концерт бердік, нақты білмеймін, бірақ 22 миллион шамасында қаржы кетті. Астанада 2,5 жыл тұрып айына 200 мыңға пәтер жалдап тұрдық", - дейді әнші.

"Alem Band" тобының әншісі Еркеш Хасен жақындарына сыйлық алғанды ұнатқанымен, өзінен аяп қалатынын жеткізді.

"Әке-шешем, бауырларым сұраса, аямай бере саламын. Ал өзімнен аяймын. Киім алатын кезде ойланып қалатыным бар", - деп ағынан жарылды әнші жігіт.

Ғалымжан Молданазар өз кезегінде музыкалық аспаптарға ақша аямайтын болып шықты.

Ал көп балалы ана, танымал әнші Динара Сұлтан қазақстандық дизайнерлердің киімін сатып алудан аянып қалмайтынын жасырмады.

"Ақшамның 30 пайызын киімге жұмсайтын шығармын. Негізі қазақстандық дизайнерлердің киімін киемін. Барлығы отандық дизайнерлердікі. Оны тіктіруге біраз қаражат шықты", - дейді Динара Сұлтан.

Сондай-ақ өнер иесі тапқан табысын балалары мен тамаққа жұмсайтынын да айта кетті.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel