RU
"Алғашқы махаббат" фильміндегі Мейрамбектің анасы 70 жасқа толды (фото, видео)

"Алғашқы махаббат" фильміндегі Мейрамбектің анасы 70 жасқа толды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері - Гүлжамал Қазақбаева 70 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/maira_nur

Фото: Instagram/maira_nur

Мерекелік кеш Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде 2 шілде күні болып өтті.

Мерейтойда Досхан Жолжақсынов, Қарагөз Сүлейменова, Лидия Каденова, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Азамат Сатыбалды, Рахман Омар, Бақыт Тушаев, Ерден Жақсыбек, Мақсат Рақмет және тағы басқа өнер жұлдыздары қонақ болды.

Көпшіліктің сұрауы бойынша кеш барысында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов ән шырқап, қонақтарға вальс билетті.

Танымал жүргізуші Рахман Омар досы Мейрамбек Беспаевтың кеш барысында Қазақбаеваның құрметі үшін жанды дауыста "Алғашқы махаббат" әнін орындап бергенін ерекше атап өтті.

"Бүгін театрымыздың асыл анасы Гүлжамал Қазақбаева 70 жасқа толып отыр! Апамыз "Алғашқы махаббат" фильмінде Мейрамбектің анасын ойнады. Сол əнді Мейраш анасына тарту етті. Кеш ерекше өтуде", - деп жазды актер.

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртістері де сахналық қойылымнан үзінді қойып, мерейтойға сән кіргізді.

Мерейтой соңында Гүлжамал Қазақбаева сыйлап келген қонақтардың барлығына алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз
4
6
2
0
1
29
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel