RU
"Өліммен күресті": Жалғыз ұлына әсерлі жазба арнаған Дана Нұржігіт жұртты жылатты

"Өліммен күресті": Жалғыз ұлына әсерлі жазба арнаған Дана Нұржігіт жұртты жылатты

Рассказать Вконтакте

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт желіде жалғыз ұлы Әлімнің дүниеге келуі туралы жазып, перзентінің өлім мен өмір арасында жатқан күндерін еске алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт ұлының мерзімінен бұрын дүниеге келгенін айтқан.

"2010 жылы 10 жыл зарыға күткен ұлым, Әлім дүниеге келді. Мерзімінен бұрын. 8 айында. Өзі сияқты өмір мен өлім арасында жатқан, уақытынан ерте туған шала жансар шақалақтармен, басынан аяғына дейін датчиктерге қосулы, шырмауықтай шырмалған электр құрылғылардан созылған зонд, сымдарға оралып жатқан бөпемді көріп, үнсіз жылап тұратыным әлі есімде.

Кішкентай батырым өліммен күресіп жатыр. Мен оны көріп тұрып қалай көмектесерімді білмей, шарасыздықтан еңіреп тұрамын.

Бір күні қасыма сол бөлімнің бас мейірбикесі келіп зекіп берді: "әй, қыз, сен не істеп тұрсың?! Балаң өмір сүргісі келіп,кіп-кішкентай болып тыраштанып жатқанда, сенің тұрысың мынау!
Тый жасыңды, кәне! Біздің бөлімге келгенде жылаушы болма! Мыналар бәрін сезеді. Анасының анау жақтан келе жатқанын да біліп жатады. Бұлардың бәрі-күрескер, кішкентай батырлар" деді", - деп жазба қалдырған тележүргізуші.

Тележүргізуші ұлының арқасында мықты болуды үйренгенін жасырмаған.

"Осыған дейін қу моладай мөлиіп, жылауды ғана білген мен құдды бір ұйқыдан оянғандай жинала қалдым. Сол күннен өзіме мықты болуды үйрене бастадым...
...Балам 17 күн-алдымен жансақтау бөлімінде, содан соң патологияда жатты. Тоғыз айға толып, беті бері қараған күннен, қолыма әкеліп бергенде емшек емген баланың шөл даладан келгендей, пысылдап, үсті-басы терлеп, тойып алып, талып ұйықтайтынын көрудің өзі қандай бақыт екенін аналардың бәрі біледі!
Үш сағат сайын омырауымды қысып, зонд арқылы сүт беретін күндері өлім мен өмірдің арасы бір ғана сәт екенін анық түсіндім", - дейді журналист.

Желі қолданушылары журналистің әсерлі жазбасына түрлі пікірлерін жаудырып жатыр. Олар "Көзімізге жас келді", "Әлім азамат болсын", "Сіз бақытқа лайықсыз" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
4
3
35
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel