RU
Илья Ильин шашын сары түске бояп тастады (фото)

Илья Ильин шашын сары түске бояп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Ауыр атлет Илья Ильин Жапониядағы турнир алдында имиджіне өзгеріс енгізді. Спортшы шашын сары түске бояп алған. Ол жаңа образын Instagram парақшасында көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ильин имиджіндегі өзгерістермен қатар, Жапониядағы турнирге де тоқталды.

Зілтемірші 6-7 шілде күні Токио 2020 rest event додасында бақ сынамақ. Ол үшін спортшы салмақ дәрежесін ауыстыруға мәжбүр болған. Бұған дейін Илья 94 келді өнер көрсетсе, Токиода 109 келіде сынға түседі.

Айта кетейік, аталмыш турнирде 2020 жылғы Токио Олимпиадасына берілетін жолдамалар сарапқа салынады.

"Дайындық жақсы өтті. Жұлқа көтеруден 170, серпе көтеруден 200 келіні бағындыруға дайынмын. Қалай боларын көреміз" , - дейді Илья Ильин.

Ауыр атлет желі қолданушыларынан өзіне сәттілік тілеуін сұрады.

"Дәл қазір жүлделі орын маңызды емес. Нәтиже маңыздырақ" , - дейді Ильин.

Еске сала кетейік, Илья Ильин 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына қатысады. Біліктілік турнирлерінің бірінде спортшы екінші орын алған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
2
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel