Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев Теңіздегі тәртіпсіздік жайлы: Басты күдікті ұсталды

Опубликовано:

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев 29 маусым күні орын алған Теңіздегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде қандай қылмыстық істер қозғалғанын айтып берді. деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Фото: куәгерлерден
Фото: куәгерлерден: Depositphotos

Анықталғандай, жарақат салу мен бұзақылық фактісі бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Министрдің айтуынша, әрбір қылмыс бойынша қатысушылар бар.

Қозғалған істер пен күдіктілердің нақты саны әлі айтылған жоқ.

"Қазір негізгі бір адам ұсталып отыр. Бұдан бөлек, тағы бірнеше күдікті бар. Оларға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Тұрғымбаев.

Оған қоса, министр қылмыстық істің сипаты әрбір адамның төбелеске қатысуына қарай анықталатынын жеткізді. Журналистердің "тек қазақстандықтар жауапқа тартылады ма?" деген сұрағына Тұрғымбаев былай де жауап берді:

"Барлығы тергеу кезінде анықталады. Мен оны уақыттан бұрын айта алмаймын", - деді ол. 

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін "Теңіз" вахталық ауылында жұмысшылардың шеруге шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802887-trgymbaev-teizdegi-trtipsizdik-zajly-basty-kdikti-staldy/

pixel