Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың ата-анасы Нұр-Сұлтандағы үйінде достарымен бас қосты (фото, видео)

Опубликовано:

Әлемге аты танылған әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат-Света Айтбаевтар Нұр-Сұлтан қаласындағы үйінде достарымен бас қосып, көңілді отырыс ұйымдастырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Facebook

Бас қаладағы зәулім үйге шақырылған қонақтар арасында ақтөбелік өнерпаздардан бөлек Ұлықпан Жолдасов, Досымжан Таңатаров сынды әншілер де жұбайларымен бой көрсеткен.

Меймандардың арасында Димаштың орындауындағы қазақша әндердің авторлары да бар.

Видеодан байқағандай, құрбы-құрдастар жайылған ақ дастархан басында кешті көңілді өткізген. Олар домбырамен барлығы қосыла ән шырқап, бірге думандатқан.

Айта кетейік, осыған дейін жаһанды мойындатып келе жатқан Димаштың ата-анасы ауызашардан соң достарымен бірге ән айтып, жұртты сүйсінткені туралы жариялаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802908-dimasty-ata-anasy-nr-sltanda-konys-tojyn-tojlady-foto-video/

pixel