Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі күні елімізде су қо­ры жеткілікті ме?

Опубликовано:

Су – тіршілік көзі. Сусыз күніміз жоқ. Сондықтан тез ара­да трансшекаралық сулардың мәселесін ше­шіп алу күн тәртібінде болуы тиіс.

Жақыпбай ДОСТАЙҰЛЫ, география ғылымының докторы, профессор:

Таза ауызсуды қала көшелерінің шаңын басуға пайдаланғанымыз қалай?!

– Еліміз пайдаланатын судың 50 пайыз­дайын басқа елдерден келетін өзендерден алады. Оның ішінде Қытайдан – 19 пайыз, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан – 17 пайыз және Ресейден 7 пайыздай су алады.

Бұл су ресурстары шаруа қожалықтары мен егіс даласын суаруға пайдаланылады. Яғни атап көрсетіп отырғанымыздай, негізгі су көздері шетелден келеді.

Кейбір жылдары елімізде су жетіспеушілігі айтарлықтай бі­лінді.

Себебі еліміз әлемдегі ірі теңіздер мен мұхиттардан айтарлықтай алыс жатыр. Осы орайда елімізге үлкен көлемдегі су­лар­дан келетін ылғал мөлшері мәз емес. Сондықтан біздің кейбір өңірлерімізге түсетін жауын-шашын, ылғал мөлшері тым аз.

Жыл өткен сайын экономиканың қа­рыш­тап дамуына орай, су қажеттілігі де арт­қан үстіне артып барады. Күріш егетін об­лыс­тарымызға су өте көп қажет. Өндіріс саласында да түсті металл өндіру үшін суды өте көп қажет етеді. Және оған па­й­да­ла­на­тын су өте таза болуы керек.

Мәселен, Бал­қаш мыс комбинатында мыс өндіру үшін пай­даланатын судағы тұздың мөлшері тө­мен­гі мөлшерден асып кетпеуі тиіс. Егер асып кетсе, гидролизбен алынатын мыстың сапасы төмендейді. Ал мыстың сапасы тө­мен­десе, оның бағасы төмендейді. Ондай жағдайда тіпті мысты сыртқа сата ал­мауы­мыз да мүмкін.

Сондықтан жекелеген тұр­ғын­дардың пайдалануынан бастап, өндіріс, ауыл шаруашылығы саласының бәрінде су керек-ақ. Рас, кейбір өңірімізде су жет­кі­лікті болғанымен, кей жерлерде үнемі су тапшылығы туындап отырады.

Сол өңір­лер­дегі су тапшылығын жою мақсатында гео­графия институты Ертіс суын 3000 ша­қы­рым жерді айналдырып, Астана ар­қы­лы насоссыз өз ағысымен Көкшетау, Сол­түстік Қазақстан, Торғай өңірлерін толы­ғымен сумен қамтамасыз ете отырып, Қызылорда өңіріне әкелу жоспарын қа­рас­тырып жатырмыз.

Бұл, бір жағынан, ке­ле­шек­те Астана қаласының дамуына да өзінің үлкен көмегін тигізер еді. Біз өз жыр­ты­ғы­мыз­ды өзіміз жамап, су тапшылығын бол­дыр­мау жағын қарастыруымыз керек.

Өйткені біз су алып отырған елдердің эко­но­микасы өскен сайын олардан келетін су мөлшері де жыл өткен сайын азая береді.

Тіпті күн­дердің күнінде түрлі сылтаумен олар су көздерін жауып тастаса да, біз еш­кім­ге шағым айта алмаймыз. Сондықтан ер­терек өз жоғымызды өзіміз түгендеп үл­гер­геніміз жөн.– Басқа елдерден келетін суға зә­ру­лік сол елдерге кіріптарлықты арттыра тү­седі дейсіз ғой...

Су – тіршілік көзі, сусыз күніміз жоқ

– Иә-иә, дұрыс айтасыз. Су – тіршілік көзі. Сусыз күніміз жоқ. Сондықтан тез ара­да трансшекаралық сулардың мәселесін ше­шіп алу күн тәртібінде болуы тиіс. Және өз еліміздің аумағындағы суды тиімді пай­да­лану жағын ойластыру керек.

Ал біз өзіміз суды қаншалықты үнемдеп пайдалана алып отырмыз?

Қолда бар суды ретсіз шашып-төгіп пай­даланып отырғанымыз рас.

Мәселен, өткен жылы көктемде талай қалаларымыз еріген қар суының астында қалды. Қаншама шығын келді. Шығынды қалыпқа келтіреміз деп жүріп, сол еріген қар суын тиімді пай­да­лану жағын да ойластырған жоқпыз. Бостан-босқа ағып кетті.

Ол су бізге залалын ти­гізді, ал біз сол суды пайдаға асыру жайын ойластырған да жоқпыз. Егер судың қадірін білгенімізде, оның ысырап болуына жол бермес едік.

Талай рет көшеге су ша­ша­тын көліктердің таза суды құйып алып жат­қанын көрдім

Ең болмаса техникалық су ретінде көлік жуатын орындар мен кө­ше­лердің шаңын басуға пайдалануға бола­тын еді ғой. Мен талай рет көшеге су ша­ша­тын көліктердің таза суды құйып алып жат­қанын көрдім. Оны тіпті суретке түсіріп алып, кітабыма да енгіздім, тиісті орындарға да жолдадым. Бірақ нәтиже жоқ. Кей ауыл­дар қара суға жете алмай, қардың суын ері­тіп ішіп отырғанда, қаладағы таза ауыз­су­ды кө­шенің шаңын басуға пайдалан­ға­ны­мыз қалай?!

Тағы бір мысал: елімізде күрішті өсіруге пай­даланылатын судың әрбір гектар үшін15 мың текше метр көле­мін­де қажет­ті­лігі ғылыми түрде есептеліп қойылған. Алай­да Бақанас өңірінде күріш­ке гектарына 45 мың текше метр су пай­да­ланылады екен. Мөлшерінен үш есе көп. Суды тиімді пай­далана алмай отыр­ға­ны­мыз­ды осыдан-ақ байқауға болады.

Қы­тай­да адам басына шаққанда жерді суару мөлшері 0,6 гектар көлімінде, ал бізде адам басына 6 гектар жерден келеді екен. Яғни егістік жеріміздің көлемі жан басына шаққанда қытай­лар­ді­кі­нен он есе көп. Бізде еңбек күші жетпейтін болған­дықтан, суды беталды ағызып суарады. Керек де­се­ңіз, бұл егістікке де зиян. Себебі ағып тұр­ған судың тем­пе­ра­ту­расы қалыпты бол­майды. Ал, негізі, кү­ріш­ке құйылатын су­дың температурасы қа­лып­ты болуы тиіс. Оның үстіне, суды егістікке мөл­шерімен жіберсең – су болады, ал мөл­ше­рінен асса – уға айналады.

Артығымен жі­бер­ген су­дың кесірінен біздің күрішіміздің ара­сында қамыс, арамшөп көп өседі.

Судың мол жіберілуі салдарынан күрішке бе­рі­летін құ­нар­дың мөлшері азайып, да­қыл өсіп тұрған жерде батпақтану процесі жүреді. Соның әсерінен күріштің өнімділігі де азаяды. Вьетнам, Қытай, Оңтүстік Шы­ғыс Азия ел­де­­рінің көбісі суды үнемдеу мақ­сатында қол­мен егеді. Сондықтан олар жылына кү­рішті үш рет егіп, үш қайтара өнім алады. Біз­дің күріштен өнім алғанда рекордтық көр­сеткішіміз 300 центнердің айналасы болса, қытайлар 1000 центнерге дейін өнім алады. Яғни аз жерге егін егіп, аз су жұмсаса да, алатын өнімі біздікінен үш есе көп. Олар 1 грамм суды артық жұм­са­мауды үйренген. Сондықтан алдағы уа­қыт­та еліміз суды үнемдеудің тиімді ша­ра­ларын қарастыруы керек. – Елімізде әлі күнге дейін қардың суын ерітіп, арық суын тұндырып ішіп отырған ауылдар баршылық. "Таза ауызсу" бағдарламасы бұл мәселені қаншалықты шеше алды?

Аталмыш бағдарламада 2015 жылға дейін халқымызды таза ауызсумен қам­та­масыз етуді 70-80 пайызға жеткізу туралы айтылған.

Әзірге еліміздің таза ауызсумен қамтамасыз етілуі 30-40 пайыздан ас­пай­ды. Менің қолымда қазір осы бағ­дар­ла­ма­ның жетістігі мен кемшілігі туралы жасалған са­раптама бар. Сараптамаға қарап отыр­сам, кейбір өңірлерде жасалынып жатқан жұмыстар бақылаудың жоқтығынан аяқсыз қалған. Бөлінген қаржы талан-таражға түскен. Атап айтар болсам, Ертіс-Қарағанды каналы жобасының қайда кеткені белгісіз.

Кентау-Түркістан жерасты суы жүргізілуі тиіс еді.

Бұл жоба да жоқ болып кетті. Жоба­мен бірге бөлінген ақша да жоғалды. Атал­мыш жобалар жасалғанымен, бақылау, қа­да­ғалаудың болмауынан бәрі тістегеннің аузында, ұ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/180294-bygingi-kyni-elimizde-su-kory-zhetkilikti-me/

pixel