Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шөкеев Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындады (фото)

Опубликовано:

Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Түркістан қаласының әкімі болып Рашид Абатоллаұлы Аюпов тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: Instagram

Рашид Абатоллаұлы 1981 жылы 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туған, қазақ, білімі жоғары.

Шымкент университеті, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетімен Академиялық инновациялық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – информатика бакалавры, мемлекеттік басқару бакалавры, заңгер.

"Болашақ" бағдарламасының түлегі Ұлыбританияда Патшайым Марияның Лондон университетін (Queen Mary University of London) аяқтаған. Жаңа әкім мемлекеттік басқару магистрі.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында "Даулет" өндірістік кооперативінің инженер-операторы ретінде бастаған.

2004-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша Ақпарат және сынақ орталығының операторы, жетекші сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы директорының орынбасары және директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі болып қызмет атқарған.

2009-2015 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, қаржы-шаруашылығы және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшылығы Хатшылығының бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: Instagram

2015-2018 жылдары аралығында Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі "Нұр Отан" партиясының өкілі, "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты Ақпараттық технологиялар орталығының директоры, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың қыркүйек айынан "SHYMKENT" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болып қызмет атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802961-skeev-trkistan-kalasyna-zaa-kim-tagajyndady-foto/

pixel