Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев "Әбу Даби Плаза" жұмысшылары не талап еткенін айтып берді

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтандағы "Әбу Даби плаза" жұмысшыларының кикілжіңі туралы хабарлады. Ол таңертең аталған жағдай орын алғанын және адамдардың не талап еткенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Сапарбаевқа елордада салынып жатқан "Әбу Даби плаза" нысандарындағы жұмысшылардың қақтығысы туралы сұрақ қойылды.

Министр бұл орынға бүгін Нұр-Сұлтан әкімі орынбасары, еңбек инспекциясы мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері барғанын айтты.

Жұмысшылардың бастапқы наразылығы мен талаптары түскі ас ақысын төлеуге қатысты болды.

"Жұмыс берушілер жұмысшыларға түскі ас үшін 500 теңге береді, ал шетелдік жұмысшылар арнайы асханада тамақтанады. Қазақстандықтар түскі ас үшін 500 теңге аз, тағы қосу керек екенін айтты",- деді Сапарбаев.

Жұмысшылардың екінші талабы- жұмыс уақытына, ал үшінші талабы-жалақыға қатысты айтылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысын анықтайтын арнайы комиссия құрылды.

"Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шарттары бірдей болса, жалақы да бірдей болу қажет. Егер бұл жерде бір құқықбұзушылықтар болса, біз құқық қорғау органдарымен бірге тиісті шараны қолданамыз. "Әбу Даби плазаға" қатысты нүкте қойылу керек",- деді министр.

Айта кетейік, бүгін елорда әкімдігі "Әбу Даби плаза" жұмысшыларының митингіне қатысты жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802970-saparbaev-bu-dabi-plaza-zmyssylary-ne-talap-etkenin-ajtyp-berdi/

pixel