RU
"Миллион теңге жіберді": Динагүл Тасова шейхтің сыйлығы туралы айтты

"Миллион теңге жіберді": Динагүл Тасова шейхтің сыйлығы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Атышулы модель Динагүл Тасова өзінің ашық-шашық суреттері мен парасатқа толы жазбаларын жариялауды жалғастыруда. Оның сөзінше, өз алдына келген табынушылары түйелерімен, қомақты қаражаттарымен мақтанады екен. Ал ақшаларды сыпайы түрде иесіне қайтаратын Динагүл өзінің қарапайым мінезді екенін айтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динагүл Тасова өз Instagram парақшасында көптеген "мажорларды" Арыстағы апатта зардап шеккен халыққа көмектесуге шақырған.

"Маған бір шейх 50 түйе сыйлауға дайын болды, ол, тіпті маған млн теңге жіберді. Бірақ, мен оны қайтарып жібердім. Өтінемін, шынымен мұқтаж жандарға көмектесіңіздер. Балаларға! Әйелдерге! Қарттарға! Арыстағы тұрғындарға! Мен өзім ақша таба аламын. Аяқ-қолым мен басым бар!"- деп жазды ол.

Динагүлдің сөзінше, оның табынушылары сияқты хейтерлері де бар. Модель өзін ұнатпайтын жандарға жауап та беріп үлгерген.

"Мен бір жеріммен ақша табатынымды дәлелде! Егер мен подиумда шешінсем, бұл сахнада, үйде, көшеде және жағажайда шешінетіндермен бірдей екенін дәлелде! Жоқ, жандарым менің! Олардың бәрі әр түрлі әйелдер! Олардың бәрі модель емес...
Мен өз өміріммен хайп жинап жүрмегенімді басында-ақ айтқанмын. Шындық үнемі ащы болады. Мен подиумға шыққан соң бұрынғы азаматым мені ұрғаны туралы шындықты айттым. Менің кеудем жайлы теріс пікірлерден соң... Бірақ, біз әр түрлі беделдегі әр түрлі әйелдерміз! Менің ұстанымым мүлдем бөлек!
Өтінемін, мені дамымаған, жеңіл ойлы қызбен шатастырмаңыздар! Менің көзқарасым мүлде бөлек! Мен қыз подиумда шешінсе, оның ақымақ немесе жезөкше емес екенін көрсеткім келеді! Егер қыз жабық киінсе, бұл оның таза әрі дұрыс жолад екенін дәлелдемейді! Егер қыз ашық киінсе, бұл оның жаны да сондай ашық дегенді білдірмейді. Мен ол топтағы қыздар қатарынан емеспін! Мен нағыз ледимін! Нағыз әйелдерше киінемін, мінезім қарапайым", - деді Динагүл.

Сіздің реакцияңыз
18
3
2
2
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel