RU
Сапарбаев: Арыс қаласын бір айда қалпына келтіреміз

Сапарбаев: Арыс қаласын бір айда қалпына келтіреміз

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы бір ай ішінде қалпына келетінін айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

"Иә, шынымен ауыр жағдай орын алды. Өйткені, Арыс қаласында 7,2 мың тұрғын үй мен өзге де нысандар бар. 85 пайызға жуығы зақымданған, әсіресе терезелері, шатырлары мен есіктері", - деді Сапарбаев.

Ол Шымкенттегі эвакуациялық пунктте болғанын, ол жерде тамаққа, дәрі-дәрмек пен тұрғылықты жерге қатысты ешқандай шағым болмағанын алға тартты.

Министр әкімдермен болған кездесу туралы да тілге тиек етті.

"Өздеріңіз де білесіздер, әкіммен бірге кездесуге бардық. Олар Шымкенттен баспана, жер телімдерін сұрап, сол жерде қалғылары келетінін айтты. Біз түсіндірдік, одан кейін олар тарқады", - деді ол.

Сапарбаевтың айтуынша, министрлер әлеуметтік нысандарды, мектептер мен балабақшаларды, ауруханаларды аралап көрген.

Ол қазіргі уақытта қаланы 17 секторға бөліп, 17 өңір жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Министр президент бір айдың ішінде барлық тұрғын үйлерді қалпына келтіруді тапсырғанын жеткізді.

"Шамамен 100 тұрғын үй қалпына келтірілді, 90 пайызы қоныстанды. Тұру мүмкін емес үйлердің тұрғындары мектептерге орналастырылған. Ол жерлерге де бардым. Тамақтануға, тұруға жер бар. Меніңше, бір айдың ішінде Арыста бәрі қалпына келеді", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel