Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев: Алматы үшін медициналық қызметтің сапасы, қолжетімділігі маңызды

Опубликовано:

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев №5 ҚКА барған кезінде медицина қоғамдастығымен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті және қаланың денсаулық сақтау саласының ағымдағы жағдайын талқылады, сонымен қатар проблемалық мәселелерді ашық айтты әрі саланы одан әрі дамытудың жолдарын белгіледі деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әкімнің баспасөз қызметі
Фото: Әкімнің баспасөз қызметі: Facebook
"Медициналық қызметтің сапасы - біздің мегаполисті дамытудың басты көрсеткіші. Сондықтан бірге жұмыс істеп, орын алған кемшіліктерді тікелей айтып, оларды шешу мен саланы дамыту жолдарын табу қажет", - деп атап өтті Алматы әкімі.

Сағынтаев қоғамдық денсаулық басқармасына жұмысты жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

"Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы екі апта ішінде проблемалық мәселелерді шешудің кешенді жоспарын әзірлеуі қажет. Мұнда барлық аспектілер ескерілуі тиіс", - деп қорытындылады сөзін ол.

Сонымен қатар, қала әкімі айдың соңына дейін қаланың барлық медмекемелерінде медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану және тұтыну бағасы бойынша аудит өткізуді тапсырды.

Кездесу барысында оған қатысушылар денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы өз пікірлерін білдірді және проблемалы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802986-sagyntaev-almaty-sin-medicinalyk-kyzmetti-sapasy-kolzetimdiligi-mayzdy/

pixel