RU
Павлодарда екі жасар сәби ауладағы дәретханаға түсіп кетті

Павлодарда екі жасар сәби ауладағы дәретханаға түсіп кетті

Рассказать Вконтакте

Павлодарда 3 шілде күні сағат 13:25-те Алматы көшесінде орналасқан үйде оқыс оқиға орын алды. Аулада орналасқан дәретханаға екі жасар қыз бала түсіп кеткен деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

павлодар

Көрнекі фото: www.oooarsenal.ru

Облыстық ТЖ департаментіне хабарлама келіп түскен соң, оқиға орнына бір техника мен төрт құтқарушы барған.

Құтқарушылар дәретхананың еденін ашып, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төмен түскен.

Олар баланы алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шақыру түскеннен кейін сегіз минуттан соң келіп жетті", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында.

2017 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне жатқызылды. Оның дәретхана шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
2
4
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel