RU
Байбек пен Әбдірахымов Шымкент қаласын бірге аралады (фото)

Байбек пен Әбдірахымов Шымкент қаласын бірге аралады (фото)

Рассказать Вконтакте

"Nur Otan" партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен үшінші мегаполистің басшысы Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласын аралады. Бұл туралы Алматы қаласының экс-әкімі өз Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкент Бауыржан Байбекке ерекше әсер қалдырған.

"Шымкентке ұшып келе сала Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге жаңа жаяу жүргіншілер орталығымен қыдырдық. Қала маған өзінің ерекше атмоферасымен, қайталанбас жылулығымен қатты ұнады. Қала жасыл, таза, жарық әрі гүлдерге толы.
Бүгін Шымкент жаяу жүргіншілер үшін басымдықпен батыс стандарттары бойынша жаңғыртылуда. Алматыдағы сияқты ыңғайлы қоғамдық кеңістік, демалуға арналған жайлы орындар, салқындық беретін құрғақ субұрқақтар жасалуда. Көптеген дәмханалар мен мейрамханалар көптеген қонақтардың назарын аударып, өзіне тартады",- деді ол.

Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының бірінші орынбасары Ғабидолла Әбідрахымовтың халық арасындағы абыройына, жалпы қалалықтардың тәрбиесіне риза болған.

"Әсіресе, қала тұрғындарының достық қарым-қатынасы, отбасы мен балаларды тәрбиелеудің басымдылығы байқалады. Шымкент қаласының тұрғындарымен жақсы сөйлестік. Ғабидолланың сенімге ие нағыз "халық" әкімі екені сезіледі. Біздің елімізде адамдарға қолайлы әрі достықты алға қоятын қалалардың көбеюі қуантады. Шымкенттіктер мен қала басшысына алдағы уақытта табыс пен өркендеу тілеймін!",- деп жазды Байбек.
Сіздің реакцияңыз
4
3
1
1
2
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel