Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда Camryды артымен жүргізген жастар Ваз көлігін соғып кетті (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Toyotа Camry тізгіндеген жастардың Таразда көлікті артқа қарай жүргізген сәтінің видеосы пайда болды. Аталған роликке байланысты Жамбыл облысы полиция департаменті пікір білділді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Кадрдан жапон көлігін мініп алған жастардың терезеден бастарынан шығарып алып, транспортты артымен жүргізгенін байқауға болады.

Олар жол ережесін өрескел бұзып қана қоймай, алдында кетіп бара жатқан автокөлікпен соғысқан.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға 1 маусым күні кешкісін Тәуке хан көшесіндегі "Тараз" қақпасының алдында орын алды.

Тәртіп сақшылары Camry жүргізушісі ВАЗ 2114 көлігімен соғысқанын атап өтті.

Олар Toyotа жүргізушісінің үстінен үш хаттама толтырғанын, ВАЗ иесіне де жолаушылар тасымалдау ережесін сақтамау бойынша әкімшілік айыппұл салғанын жеткізді.

Екі көлік те айып тұрағына жөнелтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803025-tarazda-camrydy-artymen-zrgizgen-zastar-vaz-kligin-sogyp-ketti-video/

pixel