Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағдырдан қашып құтыла алмайсың: Адам өлімінің көп тараған 10 себебі

Опубликовано:

Адам өлімінің көптеген себептері бар. Соның ішіндегі көп тарағанын мамандар тізіп шыққан. Бұл туралы bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

10. Cу тасқыны

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы және су үлкен биіктікке көтерілсе адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.

9. Авиакатастрофа

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Көрнекі фото: bigpicture.ru: Instagram

Ұшақ - әлемдегі ең қауіпсіз транспорт болып саналады. Алайда әуе көлігінен ақау шығып, апатқа ұшыраса жолаушылардың барлығы дерлік қаза табады.

Мамандарды сөзінше, авиакатастрофадан 20 мың адамнан бір ғана жолаушы аман қалады.

8. Суға бату

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Көрнекі фото: bigpicture.ru: Instagram

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде үш жүз мыңнан астам адам суға батып, қаза табадц.

7. Тоқ соғу

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Көрнекі фото: bigpicture.ru: Instagram

Тоқ соғу - өндірістегі жұмыс барысында жиі кездеседі. Мамандар электр құрылығыларын пайдаланған кезде, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Әлемде тоқ соққаннан қаза табатындардың саны жыл сайын көбеюде.

6. Жер сілкінісі

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Көрнекі фото: bigpicture.ru: Facebook

Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Сейсмологтар табиғат апатынан көз жұматындардың саны аз еместігін жеткізді.

5. Өрт

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Көрнекі фото: bigpicture.ru: Instagram

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі жоғары.

Мамандардың зерттеуі бойынша, өрт кезінде 70 пайыз адамдар улы газдан қаза табады.

4. Суицид

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Көрнекі фото: bigpicture.ru: Instagram

Статистикаға сенсек, әрбір 40 секунд сайын әлемде бір адам өзіне қол жұмсайды. Мамандар суицидтің себептерін санап шығу мүмкін еместігін алға тартты.

3. Жол көлік апаты

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Көрнекі фото: bigpicture.ru: Instagram

Әлем бойынша жыл сайын жол көлік апаты салдарынан 1,25 млн адам көз жұмады. Олардың басым бөлігі - жаяу жүргіншілер мен мотоцикл жүргізушілері болып табылады.

2. Рак

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Көрнекі фото: bigpicture.ru: Instagram

Дәрігерлер рак дертінің емін таппайынша, бұл ауру түрі әлем халқы тұрғындары үшін ең қауіпті болып қала бермек. Статистикаға сәйкес, адамдардың 14 пайызды онкологиялық дерт салдарынан көз жұмуда.

1. Жүрек ауруы

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Көрнекі фото: bigpicture.ru: Instagram

Қан айналым жүйесінің аурулары әлемдегі барлық өлім–жітімнің негізгі себебіне жатады. Статискиға сәйкес, жыл сайын әлем бойынша 15 миллионнан астам адам осы дерттен қаза табады. Ал, олардың басым бөлігі (85%) жүрек талмасы мен инсульттан көз жұмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803031-tagdyrdan-kasyp-ktyla-almajsy-adam-limini-kp-taragan-10-sebebi/

pixel