RU
"Папигі" бар: Елімізде жыл басынан бері 200-дей мектеп оқушысы аборт жасатқан

"Папигі" бар: Елімізде жыл басынан бері 200-дей мектеп оқушысы аборт жасатқан

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда жыл басынан бері 14 жасқа толмаған 10 қыз түсік жасатқан. Ал жалпы кәмелетке толмағандардан 196 ару жүктілігін жасанды түрде тоқтатыпты. Мұндай сұмдық статистиканы Денсаулық сақтау министрлігі жариялады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Ведомство мәлеметінше, ең көп аборт жасатқан қарағандылық және ақтөбелік бойжеткендер екен. Ал дәрігерлер ерте жаста жүктілігін тоқтатқан қыздардың бедеу болып, болашақта ана бақытын сезіне алмау қаупі бар екенін айтуда.

Ал кәмелет жасына толмаған қыздардың түсік жасауы бойынша еліміз әлем елдері ішінде алғашқы ондығына еніпті.

Мамандардың сөзінше, шалыс басатындардың дені қалаға арман қуып келген ауылдың қыздары көрінеді. Жеке өмірге келгенде білімі аз, сауаты төмен олар сүйіктілерінің махаббатына мастанып, қалай алданып қалғандарын білмей қалады екен.

"Мына мектепте оқитын қыздардың "папигі" бар көрінеді. "Папик деген не?" деп сұраса, үлкен-үлкен кісілер қыз балалардың басын айналдырып, қымбат-қымбат заттарын алып беріп, қыдыруға шақырады екен. Жаңағыдай 14-15 жасқа келіп түсік жасатып жатқан қыздардың көбейіп, олардың тағдырына осылай әсер етіп жатқан мұндай азаматтар деп ойлаймын",- дейді қоғам белсендісі Айша Құрманғали.

Тек былтырдың өзінде 6000 оқушы қыздың аяғы ауыр болып, 3500-ге жуығы түсік жасатыпты. Тіпті, аборт былай тұрсын, жас қыздардың арасында түрлі венерологиялық ауруларды жұқтырғандары да аз емес екен.

Ал дәрігерлер болса, ерте жаста жүктілігін тоқтатқандар болашақта ана бақытын сезінуі екіталай деп отыр.

"Егер осы кезде жүктілік болған жағдайда, оны түсік тастаған жағдайда әрине көптеген асқынулар, жыныс ағзаларының қабынуы, қан кетуі, минустрияалдық циклдің бұзылуы, созылмалы қабыну аурулары, аналық жатыр мен безінің фунциясының бұзылуы, әрі қарай бедеулікке әкеліп соқтыруы мүмкін",- дейді гинеколог Жанерке Ажетова.

Сіздің реакцияңыз
28
5
4
2
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel