Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100-ден аса адам жауап берді": Арыстағы апатқа кінәлілер 10 жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

Арыстағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалуда. Қайғылы оқиғаға кінәлілер 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынын айырылады деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Бұрынырақ әскери прокуратура жарылыстар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеу мен әскери бөлім басшыларының ұқыпсыздығынан туындауы мүмкін екендігін хабарлаған.

Басқа нұсқалары қарастырылуда.

Ведомствоның деректеріне сәйкес, қылмыстық істі тергеу барысында 100-ден астам адам жауап берген. Жарылысқа кәнілілер 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқ дәрі жарылған әскери бөлімшенің лауазымды тұлғаларынан сұрау жұмыстыры жүргізілуде.

Бұлардың қатарында командир, оның орынбасарлары, басқа да басшылар бар.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Бұдан бөлек, қызметкерлерден қоймаға қызмет көрсету үшін бөлінген қаржының қаншалықты тиімді пайдаланылғанын және оқ-дәрінің дұрыс сақталғанын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Ведомство қаланы толық зерттеу үшін саперлардың қанша уақыт жұмыс істейтіні белгісіз екендігін алға тартты.

Қорғаныс министрлігінінің мәліметінше, барлық қызметкерлер снарядтар толық табылмағанша, қызмет етеді.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, 2-3 шақырымдық аймақ зерттелген.
Ол радиусты 10 шақырымға дейін кеңейту жоспарланып жатқанын атап өтті.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803042-100-den-asa-adam-zauap-berdi-arystagy-zarylyska-kinliler-10-zylga-sottalady/

pixel