RU
"Көрікті қазақ әйелі": Айгүл Қапбарова сенат депутаты атанды

"Көрікті қазақ әйелі": Айгүл Қапбарова сенат депутаты атанды

Рассказать Вконтакте

Палатаның жалпы отырысында Айгүл Қапбарова ант қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Хабар 24

Фото: Хабар 24

"Депутат Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы Шымкенттен сенатор болып сайланды.

Айгүл Қапбарова - бізге оңтүстіктен келген көрікті қазақ әйелі. Ол бізге әйел адам жіберу туралы тілегімді қабылдады.

Сол үшін әкімдік пен мәслихатқа алғыс білдіреміз (Шымкент-ред). Депутаттық қызметте табыс тілейміз"- деді сенат спикері Дариға Назарбаева жаңа депутатты таныстыру барысында.

Жалпы отырыста Айгүл Қапбарова ант қабылдады.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген жоғары міндеттерді адал орындауға ант етемін",- деді ол.

Қапбарова әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі болып сайланды.

Сіздің реакцияңыз
22
0
1
2
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel