RU
Назарбаева сенаторларға: Функционер емес, қарапайым адам болыңыздар

Назарбаева - сенаторларға: Функционер емес, қарапайым адам болыңыздар

Рассказать Вконтакте

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенатының Бюро отырысы өтті деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметіні сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: parlam.kz

Фото: parlam.kz

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед сенаторлардың Арыс қаласына сапарының қорытындылары туралы Бюро мүшелерін жан-жақты хабардар етті.

Сенаторлар Назарбаеваның тапсырмасы бойынша эвакуация пункттеріне барып, адамдардың орналасу жағдайымен, жарылыс салдарын жою жөніндегі штабтың жұмысымен танысты, қаланы аралап тұрғындарымен кездесті.

Парламент Сенатының 4 шілдеде болатын отырысының күн тәртібі белгіленді.

Сенаторлар "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын және депутат А.Қапбарованың ант беруі мен оны тұрақты комитеттің құрамына сайлау туралы мәселелерді қарайтын болды.

Бюро мүшелері мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді қарауды күзге қалдыруды ұйғарды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Г.Ким заң жобасы одан әрі пысықтауды қажет ететінін атап өтті.

"Кеше біз тұрақты комитеттердің соңғы қорытындыларын алдық, барлық қорытындыларды кестеге енгізгенде 21 түзету болды. Ең бастысы, қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі заң Парламентке келеді. Осыған байланысты, аталған заң жобасын пысықтап, күзге қалдыру, сөйтіп негізгі заңмен сәйкестендіру әрі келісу арқылы жақсы нәтижеге шығу туралы ұсыныс бар", - деді Г. Ким.

Сенатор Б.Әйтімова заң жобасын қарауды күзге ауыстыру туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

"Менде квазимемлекеттік сектор бойынша сұрақтар қалып отыр, оны әлі пысықтау керек. Онда лауазымды тұлғалардан шығарылып, теңестірілгендерге ауыстырылады, осыған байланысты, осының бәрі арнайы жасалған сияқты сезіледі, лобби көрініс табуда", - деді ол.

Бюрода Сенаторлар кеңесін құру туралы мәселе де мақұлданды.

Кеңес Сенаттың бұрынғы депутаттарын, көрнекті мемлекет қайраткерлерін Палата жұмысына тарту, тәжірибе алмасу, парламентаризмді дамытуға бағытталған шараларды өткізу мақсатында құрылған ақылдастық-кеңесші орган болады.

Сенат басшысы депутаттардың алдағы аймақтарға сапарларына Бюро мүшелерінің назарын аударды.

Кездесулер бірсарынды өтпегені маңызды екенін айтылды.

"Еңбек ұжымдарын, зауыттарды, шахталарды аралаңыздар, батыс аймақтардағы мұнайшылармен кездесіңіздер. Мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізіңіздер, ауылдарға барыңыздар, төртінші деңгейдегі бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару қалай жұмыс істейді? Әкімдермен, ауыл тұрғындарымен сөйлесіңіздер. Бұрынғы қалыптасқан дағдыны өзгертейік, тұрғындардың үйлеріне кіріп, дәм татып, функционер емес, қарапайым адам ретінде әңгімелесіңіздер", - деді Дариға Назарбаева.
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel