RU
"Қатты өкінеміз": Қорғаныс министрі Арыстағы оқиға жайлы пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Қатты өкінеміз": Қорғаныс министрі Арыстағы оқиға жайлы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыста қаза тапқандардың отбасыларына тағы да көңіл айтып, төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға тез сауығып кетуін тіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Ермекбаев. Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

Нұрлан Ермекбаев. Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

"Кешірім сұрау мәселесі - ол жеке менің, әскерилер мен тұрғындардың арасындағы мәселе. Менің кешірім сұрауымды талап етуге сіздерді Арыс тұрғындары итермеледі ме? Меніңше, олай емес" , - деп жауап берді министр бейбіт уақытта қалада жарылыс болғаны үшін кешірім сұрау жөнінде қойылған сұраққа.

Оның сөзінше, барша әскери қызметкерлер төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге жаны ашып жатқанын айтып, олардың тез сауығуын тілеуде.

"Әрбір әскери адам қызметі барысында еркін түрде үлкен тәуекел мен асқан жауапкершілікті сезінеді. Сол себепті, әскери қызметкер үшін тәуекел кәдімгі құбылыс сыңайлы болып кеткен. Алайда, бейбіт заманда мұндай жағдайлар орын алмауы тиіс. Ол дұрыс емес" , - деді Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Министр қазіргі уақытта төтенше жағдайға қатысты ауқымды тергеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Оған қоса, ол оқиғаға кінәлі адамдар жазасын міндетті түрде алатынын айтты.

"Біздің басты мақсат - Арыс тұрғындарын қалыпты өмірге қайтарып, жақсы жағдай жасау. Қазіргі таңда сол іспен айналысып жатырмыз. Біз оқиға үшін қатты өкінеміз. Қайтыс болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз.
Сонымен қатар, мұндай жағдайда қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді" , - деді Ермекбаев.

Айта кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс орын алды.

Қорғаныс министрі қаладағы әскери қару-жарақтарды ауыстыру туралы сұраққа жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel