RU
Қостанай облысында аудан әкімі 7 млн теңге пара алғанын мойындады
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында аудан әкімі 7 млн теңге пара алғанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысыныда аудандық әкімдердің бірі пара алды деген күдікке ілінді. Алдын ала ақпараттар бойынша, ол делдал арқылы 7 млн теңге алған деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысының әкімі 7 млн теңге пара алғанын мойындады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.

Әулиекөл ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталған. Ведомство хабарламасында шенеуніктің кәсіпкерлерлердің бірінен 7 млн теңге алғаны айтылды.

Көрсетілген сомаға аудан басшысы орындалған жұмыстар актісіне қол қойып, кәсіпкердің "былығын жабуға" тиіс болатын.

Мемлекеттік сатып алу келісім-шартына сәйкес, пара беруші мектептердің біріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімі құрықталғаннан кейін өз еркімен алған қаржыны департамент қызметкерлеріне беріп, қылмысын толық мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу жеңілдетілген тәртіпте жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта шенеунік қамауда. Күдіктінің болашақ тағдырын сот шешеді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel