RU
Ақтөбе облысында интернатты қонақ үйге айналдырған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе облысында интернатты қонақ үйге айналдырған (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеліктер комиссия мүшелеріне дастархан жайып, көсіліп қонақ күтуді тоқтатар емес. Ойыл ауданына барған "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі тағы бір заң бұзушылықтың бетін ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бұл жолы жоба өкілдері Ойыл ауданында бір топ комиссия өкілдерінің ісін әшкерелеген.

Оқиға 10 маусым күні тіркелген.

"Бақылау барысында жеті адамнан тұратын тексеру комиссиясы 27 мамыр мен 5 шілде аралығында "Ойыл аудандық білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ-не қарасты "Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-интернаты" КММ-нің ғимаратында орналасқандығы туралы факт анықталды. Мектеп-интернаттың негізгі құрылтайшысы Ойыл аудандық әкімдігі болып табылады.

Аталған тұлғалар мектеп-интернатқа ағымдағы жылдың 27 мамырынан шығарылған біржақты жасалған, яғни тек Ойыл ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы қызметкердің қолы қойылған келісім шарт негізінде орналасқан.

Келісім шартта Тексеру комиссиясы қызметкерлері 27 мамыр мен 5 шілде аралығында әрбір қызметкердің әр күнініне 3 549 теңге қаражат төлеу көрсетілген. Қаражатты 2019 жылдың 1 маусымына дейін төлеу қажет болған. Фактіні анықтау барысында қаражаттың сол уақытқа дейін төленбегені анықталды" , - деп хабарлайды "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Агенттік өкілдерінің мәліметінше, аталмыш интернат жалпы білім беру функциясын атқаратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

"Бұдан бөлек, келісім шарт талабына сәйкес, ғимаратты арендаға алу бойынша қаражат төленетін жерінде Мектеп-интернат реквизиті емес, Ойыл ауылдық округінің әкімдігінің реквизиттері көрсетілген. Сонымен қатар, видеоматериалда мектеп-интернат қызметкерлері комиссия қызметкерлеріне азпаздық және де дастархан дайындау қызметтерін көрсетіп жүргендері түсірілген.
Тексеру комиссиясы қызметкерінің айтуы бойынша аталған қызметтердің барлығы келісім шартта белгіленген екен. Бірақ, анықтау барысында келісім шартта ондай пункттің көрсетілмегендігі белгілі болды", - дейді агенттік өкілдері.

Қазіргі уақытта ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев іс-сапарлық тексерулер кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланбауды болдырмау, қабылдап алушы тараптың тексеруші тарапқа қандай да бір қаржылай шығындалуын болдырмау туралы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жоба жетекшілері қоғам белсенділерінен қоғамдық бақылауды күшейтуді және аталған фактілермен кездескен жағдайда жобалық кеңсеге хабарлауларыңызды сұрайды. Сенім телефоны – 93-21-37.

Алайда, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мәліметінше, Ойыл ауданының кәсіпкерлік бөлімі бмен Ойыл аудандық кірістер басқармасымен берген анықтамасы бойынша Ойыл ауылында өлмелерді жалға беретін бар болғаны 2 жеке кәсіпкер болып шықты.

Сондықтан, ҚР №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікте мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 35 бабы бойынша, халық саны 2 мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін енгізілген өзгерістерді ескерте отырып, Бекмухамбетов атындағы мектеп-интернаты ғимаратын жалға беруге, Ойыл ауданының әкімдігінің басшылығымен шешілді.

Мектеп-интернатының ғимаратын жалға беру шешімі қабылданған себебі - оқу процессіне кедергі келтірмейтін кезең болғандықтан, 7 ер адамға интернат ғимараты 2019 жылдың 27 мамырынан бастап 5 шілдеге дейін, белгіленген жалдау ақысын жергілікті бюджетке төлей отырып, мүлікті жалдаудың келісім-шарты жасалды.

Сіздің реакцияңыз
8
4
0
2
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel